«БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ»
20.10.2026
🍂 «БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ! 🍁🏆
Мектебімізде 5–11 сыныптар арасында «Берекелі алтын күз» атты күзгі байқау жоғары деңгейде өтті! 🌾✨
Байқауға қатысқан барлық оқушылар белсенділік танытып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, өнерлері мен ұйымшылдықтарын көрсете білді. Әр сынып ерекше дайындықпен келіп, күздің берекесі мен әсемдігін паш етті. 🍂💛
🏆 5–7 сыныптар арасындағы нәтиже:
🥇 Гран-при — 5 «А» сыныбы
🥇 І орын — 5 «Б» сыныбы
🥈 ІІ орын — 6 «А» және 6 «Б» сыныптары
🥉 ІІІ орын — 7 «А» және 7 «Б» сыныптары
🏆 8–11 сыныптар арасындағы нәтиже:
🌟 Гран-при — 9 «А» сыныбы
🥇 І орын — 10 «А» сыныбы
🥈 ІІ орын — 11 «А» сыныбы
🥉 ІІІ орын — 8 «А» сыныбы
🎉 Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Байқауға белсене қатысқан барлық оқушыларға, сынып жетекшілеріне және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!
Әрдайым осылай өнерлеріңіз өрге жүзіп, шығармашылық шабыттарыңыз арта берсін! 🌻
Берекелі күз — берекелі бірлік пен мол жетістіктің бастауы! 🍁❤️