ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ІЗЕТ!

04.10.2026

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ІЗЕТ! 🌷
Ұстаздар күніне орай мектебімізде ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, сан ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие берген, бүгінде құрметті зейнет демалысындағы ұстаздарымызды арнайы үйлеріне барып құттықтауды дәстүрге айналдырдық.
Бұл жолы ардақты ұстазымыз Бақыт Қараевна Молдағұлованың шаңырағына арнайы барып, мерекелік ізгі тілегімізді жеткіздік. 🌸
Бақыт Қараевна – мектепте 40 жылға жуық еңбек етіп, талай шәкірттің жүрегіне жол тапқан, ұстаздық жолында өзіндік ізін қалдырған аяулы жан. Еңбегі мен өнегесі, шәкірттеріне деген мейірімі – бүгінгі ұрпаққа үлгі.
Ардагер ұстаздарымыздың еңбегі – мектеп тарихының ажырамас бөлігі. Сіздерге деген құрметіміз бен алғысымыз әрдайым жүрегімізде! 
Құрметті ұстаздарымыз, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ ғұмыр, бейнеттеріңіздің зейнетін көріп, шәкірттеріңіздің қуанышына бөленіп жүрулеріңізді тілейміз!
Ұстаз еңбегі – ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталады! 💐

Видео

Просмотров: 12


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу