Дублерлер күні

04.10.2026

Торғай ауылының ЖОББМ КММ-де «Өзін-өзі басқару ұйымының» ұйымдастыруымен ерекше әрі қызықты «Дублер күні» өткізілді.
Бұл күні мектебіміздің оқушылары ұстаздардың рөлін атқарып, білім алушыларға сабақ беріп, мұғалім еңбегінің жауапкершілігі мен маңыздылығын сезінді. 👩‍🏫👨‍🏫
Ал ұстаздарымыз бір күнге оқушы болып, сабаққа қатысып, мектеп өміріне ерекше көңіл-күймен араласты. 😊📚
«Дублер күні» оқушылардың жауапкершілігін, көшбасшылық қабілетін, шығармашылығын және ұйымдастырушылық дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік берді.
Ұстаздар мен оқушылар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттырған бұл күн баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 🌷

Видео

Просмотров: 20


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу