«Закон и правопорядок — основа социальной стабильности» интеллектуальный турнир
24.09.2026
⚖️ «Заң және тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі»
Торғай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 8–9 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі» тақырыбында интеллектуалдық турнир өткізілді.
🎯 Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрету, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын дамыту, құқықтық мәдениет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
🧠 Турнир барысында оқушылар құқық, заң, оқушының құқықтары мен міндеттері, буллинг және қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты түрлі интеллектуалдық тапсырмалар орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.
Ұйымдастырушылар: Тарих пәнінің мұғалімлері:
Аламнашрих А.
Сапарғали А. Д.
📚 Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың негізі!
⚖️ Тәртіп бар жерде – тұрақтылық бар!