Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы

20.09.2026

Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Торғай ауылының ЖОББМ КММ-де 11-сынып оқушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық Quiz-тест өткізілді.
Танымдық шара барысында оқушылар «Ұлт ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, қоғамдық қызметі, тіл білімі мен ағартушылық еңбектері, негізгі мамандықтары және қазақ халқының рухани-мәдени дамуына қосқан үлесі туралы білімдерін ортаға салды.
💡 Quiz барысында оқушылар экрандағы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Белсенділік танытып, тапқырлық пен жылдамдықтарын көрсетті.
🎯 Шараның мақсаты: оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық тарихымыздағы орнын таныту, ана тіліне деген құрметін арттыру, мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін дәріптеу және жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Осындай тағылымды шаралар арқылы оқушылар «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген ұлағатты ойдың мәнін түсініп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге өз үлестерін қосуға шақырылды.
Өткізген: Бөлегенова Г.Т

Просмотров: 22


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу