Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы
20.09.2026
Торғай ауылының жалпы білім беретін мектебі КММ-де 5 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдер күніне орай «Өзін-өзі басқару ұйымы» оқушылары арасында «Тіл – халықтың жаны» тақырыбында КВИЗ-тест ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін насихаттау, тілдік білімдерін жетілдіру және оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
КВИЗ барысында оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті, ұлт зиялылары, тіл тарихы және мемлекеттік тілге қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Әсіресе, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Оқушылар белсенділік танытты.
Өткізген:Бөлегенова Г.Т
Просмотров: 18