Тілдер апталығына арналған жоспар

10.09.2026

Жоспар

🌐 ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ТІЛДЕР АПТАЛЫҒЫ

📚 «Тарихын білген, тілін сүйген ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында мектебімізде 4–17 қыркүйек аралығында тілдер апталығына арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

🎯 Мақсаты:
Оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, сауатты әрі таза сөйлеуге баулу, туған елге деген сүйіспеншілігін ояту. Сонымен қатар Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.

✨ Апталық барысында:
📖 кітап көрмелері;
🎤 мәнерлеп оқу сайыстары;
📝 танымдық сайыстар мен байқаулар;
🎭 тәрбие сағаттары;
🇰🇿 қазақ тіліне арналған ойындар;
🇷🇺 орыс тілінде оқырмандар байқауы;
🇬🇧 Funny English, Who Wants to Be a Millionaire? сияқты қызықты іс-шаралар;
🏆 түрлі интеллектуалдық ойындар мен байқаулар өткізіледі.

💙 Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы!
Тілді құрметтеу – елді құрметтеу! 🇰🇿

Просмотров: 35


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу